Маңғыстауда аққулардың қырылуы: Rixos қонақүйінде жоспардан тыс тексеру жүргізіледі

0
671


Маңғыстауда аққулардың қырылуы: Rixos қонақүйінде жоспардан тыс тексеру жүргізіледі

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысында қырылған аққуларға байланысты Rixos Water World Aktau-ға жоспардан тыс тексеріс тағайындалды, деп жазады tengrinews.kz.

Экология департаменті мамандарының талдауы нәтижесінде ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясынан артық екені анықталыпты.

"Аққулардың өліміне төгілген судың әсерін толық зерттеу үшін Алматы қаласынан орнитолог мамандар шақырылды. Тексеру қорытындысы бойынша тиісті инспекторлық ден қою шаралары қабылданады және әкімшілік істер қозғалады", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, 2022 жылы Rixos WaterWorld Aktau осыған ұқсас заңбұзушылық үшін жауапқа тартылып, 76 миллион теңге көлемінде айыппұл төледі.