Маңғыстауда дәмханада атыс болып, екі адам ауруханаға түсті

0
665

Оқиғаға қатысушыларды іздеу шаралары жүргізіліп жатыр.


Маңғыстауда дәмханада атыс болып, екі адам ауруханаға түсті

ERNUR.KZ. 12 қарашада Маңғыстау облыстық ауруханасына "WOW" кафесінен 19 жастағы екі жігіт жеткізілген. Олардың біреуінде оқ жарақаты, ал екіншісінде тізе буынының жабық жарақаты болды, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық қатысушыларын ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.

Бұл факт ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігі 9-тармақшасы («Бұзақылық ниетпен өлтіруге оқталу») бойынша тіркелген.