Маңғыстауда дәрігерлер баланың саусағына кептеліп қалған болтты кесіп алды (видео)

0
3 195

Дәрігерлердің наркоз қолдануына тура келген.


Маңғыстауда дәрігерлер баланың саусағына кептеліп қалған болтты кесіп алды (видео)

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысында бала ойнап жүріп саусағын болтқа сұққан. Кептеліп қалған бұранданы алып тастауға құтқарушылар мен дәрігерлер көмекке келді. Бұл жайлы Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Азамат Сәрсенбаев Facebook-тегі парақшасында жазды, деп жазады ҚазАқпарат.

«12 маусымда шамамен сағат 20:30-да облыстық Балалар ауруханасына болтқа саусағы кептеліп қалған баланың ата-анасы хабарласты. Дәрігерлер құтқарушылармен бірлесіп, бір сағат бойы баланың қолындағы темір болтты кесумен айналысты. Аралау кезінде темір қызып кеткендіктен бала ауырсынды. Сол себепті дәрігерлердің наркоз қолдануына тура келді. Бәрі сәтті аяқталып, баланың қолындағы болт алынды. Қазіргі уақытта баланың жағдайы жақсы, қажетті емін алып жатыр», - деп хабарлады баспасөз хатшысы.