Маңғыстауда дельтапланмен ұшқан ер адам жартасқа соғылды (видео)

0
738

​Құтқарушылар альпинистік құрылғылардың көмегімен ер адамды жардан төмен түсіріп, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.


Маңғыстауда дельтапланмен ұшқан ер адам жартасқа соғылды (видео)

ERNUR.KZ. Маңғыстауда дельтапланмен ұшқан ер адам құлап, екі қолын сындырып алды, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Оқиға өткен сенбі күні Шопан ата қорымына жетпей, Қарақия аймағындағы жартастардың бірінде болған.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Бекболат Әбдіқадіровтің айтуынша, төтенше жағдай туралы хабарлама сағат 18:12-де түскен.




"Дельтапланмен ұшу кезінде 1988 жылы туған ер адам жартасқа соғылып, жарақат алған. Атап айтқанда, екі қолы сынғандықтан, ол оқиға орнынан өздігінен қозғала алмаған. Бізге түскен хабарлама негізінде Жаңаөзен қаласының №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бес құтқарушысы көмекке жұмылдырылды", – деді бөлім басшысының орынбасары.

Құтқарушылар альпинистік құрылғылардың көмегімен ер адамды жартасты қиядан төмен түсіріп, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.