Маңғыстауда екі қызды зорлады деген күдікпен ұсталған ер адам суицид жасады

0
362

Әйелдің айтуынша, ер адам 16 және 12 жастағы кәмелетке толмаған екі қызын 4 жыл бойы зорлап келген.


Маңғыстауда екі қызды зорлады деген күдікпен ұсталған ер адам суицид жасады

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысында 16 және 12 жастағы екі қызды зорлады деген күдікпен ұсталған ер адам полиция ғимаратының терезесінен секіріп кетті, деп Sputnik.kz.kz.

Күдікті ауруханада бірнеше күн жатып, қаза болды.
Биыл 5 ақпанда кешкі сағат 20:00-де облыстағы аудандардың бірінің тұрғыны екі қызының зорлық-зомбылық көргенін айтып, полицияға шағым түсірген.
Әйелдің айтуынша, ер адам 16 және 12 жастағы кәмелетке толмаған екі қызын 4 жыл бойы зорлап келген.
Тергеу барысында күдікті қыздардың ата-анасының жақын танысы екені анықталды. Ер адам арам пиғылын 2019 жылдан бастап жүзеге асырған.

Құқық қорғау органдары сол күні жергілікті тұрғынды ұстады. Күдікті тергеу кезінде істеген ісін мойындаған.