Маңғыстауда ер адам шетелде жұқтырған безгектен қайтыс болды

0
592

58 жастағы ер адам шет елдердің біріне жұмыс сапары кезінде жұқтырған.


Маңғыстауда ер адам шетелде жұқтырған безгектен қайтыс болды

Маңғыстау облысында ағымдағы жылдың тамыз айында шетелде безгек ауруына шалдыққан Бейнеу ауданының бір тұрғыны тіркелген, деп жазады inbusiness.kz.

Аурудың өршуінен кейін жағдай қайғылы аяқталды. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас маманы Гүлнара Кәрімованың хабарлауынша, 58 жастағы ер адам шет елдердің біріне жұмыс сапары кезінде жұқтырған.

Безгек дегеніміз не? Бұл қауіпті жұқпалы ауру, оны Anopheles тобындағы масалар тасымалдайды. Масалар безгекпен сырқаттанған науқастың қанынан безгек паразиттерін сорып алады, содан кейін сау адамды шағып, паразитті тасымалдайды.

Аурудың негізгі белгілері қандай? Адамда әлсіздік, тершеңдік пайда болады, дене температурасы жиі көтеріледі, нәтижесінде қалтырау пайда болады, бұл аурудың өршуі өлімге әкеледі.

Біздің ел безгек бойынша эндемиялық аймақтарға жатпайды. Бұл ауру тропикалық елдерде кең таралған, яғни Африка, Оңтүстік Америка, Азия және Таяу Шығыс сияқты тропикалық және субтропикалық климаты бар аймақтарда жиі кездеседі.

"Безгек кең таралған елдерге баратын Қазақстанның барлық азаматы мұндай елдерге барар алдында міндетті түрде дәрігерге барып, безгек бойынша кеңес алуы тиіс", - деп атап өтті Гүлфара Каримова.

Шетелге шығатын азаматтар аурудың алдын алудың қарапайым шараларын есте ұстауы керек:

- туристік сапарға шығатын елді таңдау үшін сапарды ұйымдастыратын туристік фирмалардан безгек қаупі бар елдер туралы ақпарат алу қажет;

- шетелде болған кезде масалардан қорғау құралдарын қолдану керек, яғни үй-жайларда масаларды қорқытатын аэрозольдер мен ультрадыбыстық құрылғыларды қолдану керек;

- өзіңізді безгектен қорғаудың ең оңай жолы-масалардың денеге тиюіне жол бермеу: мүмкіндігінше денені жабатын киім ұзын жең киім мен шалбарды кештен таңертеңге дейін кию;

- безгекке эндемиялық елден келген азаматтар аурудың белгілері пайда болғаннан кейін 3 жыл бойы медициналық тексеруден өтіп, дәрігерге қай елде болғанын айтып беруі керек.

Өзіңізді безгектен алдын-алу ережелерін сақтай отырып ғана қорғай аласыз, - дейді эпидемиологтар.