Маңғыстауда ит төбелесін ұйымдастырған ер адам жауапкершілікке тартылды

0
631

Ит төбелесін ұйымдастырған ер адам Жаңаөзен тұрғыны болып шықты.


Маңғыстауда ит төбелесін ұйымдастырған ер адам жауапкершілікке тартылды

ERNUR.KZ. Полиция Маңғыстау облысында ит төбелесін ұйымдастырған адамды анықтап, оны әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп жазады tengrinews.kz.

Еске салайық, 18 қазанда әлеуметтік желілерде ит төбелесі түсірілген видео тараған болатын.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің басшысы Жанарбек Бақтыбаевтың айтуынша, ит төбелесін ұйымдастырған ер адам Жаңаөзен тұрғыны болып шықты.

"Ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабының 1-бөлігі бойынша карантин режимін сақтау ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Материал шешім шығару үшін Мұнайлы ауданының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды. Сонымен қатар, ер адам Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 408-бабының 1-бөлігінде көзделген жауапкершілікке тартылды ("Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету ережелерін, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою ережелерін бұзу")", - деді полиция басшысы.