Маңғыстауда киіктерді заңсыз атып келген қылмыстық топ ұсталды

0
688

​Мемлекетке бір миллиард теңгеден астам шығын келген.


Маңғыстауда киіктерді заңсыз атып келген қылмыстық топ ұсталды

ERNUR.KZ. Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарымен бірлесіп арнайы операция барысында киіктің мүйіздерін заңсыз өндіру және сату арнасын ұйымдастырған қылмыстық топты ұстады, деп жазады sputnik.kz.

ҰҚК баспасөз қызметінің ақпаратынша, құнды тауардың ірі партиясын саудалау кезінде Маңғыстау өңірінің қылмыстық әлеміне қатысы бар бұрын сотталған екі адам ұсталған.
"Мемлекетке 1 млрд теңгеден аса залал келтірілгенін және Қазақстанда киіктердің таралуына едәуір кері әсерін тигізгенін дәлелдейтін айғақтар жиналды", - делінген хабарламада.
Қылмыстық кодекстің 339-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстық топтың өзге де мүшелерін анықтауға бағытталған жедел тергеу шаралар жүргізілуде.
ҰҚК ұйымдасқан қылмыс түрлеріне қарсы күрес одан әрі жалғасатынын атап өтті.