Маңғыстауда "KMG Security" қызметкерлері наразылыққа шықты

0
846

Жұмысшылар 5 түрлі талап қойып отыр.


Маңғыстауда

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысының Жетібай кентінде "KMG Security" компаниясының жұмысшылары бейне үндеу жолдады, деп жазады inbusiness.kz.

Олардың айтуынша, егер басшылық компания қызметкерлерінің талабын орындамаса, жұмыс процесін тоқтатады. Әлеуметтік желілерде тараған үндеуде жұмысшылар 5 түрлі талап қойып отыр.
1) лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін KMG Security басшылығының орнын босатуын талап етеді
2) зейнеткерлік жастағы қызметкерлерді жұмысқа қабылдауды тоқтату
3) ұзақ уақыт резервте тұрған жастарды орналастыру
4) Компания жұмысшыларының "МаңғыстауМұнайГазға" ауысуға мүмкіндік жасау
5) қудалауды тоқтатуды талап етеді.

"Егер 7 күн ішінде біздің талаптарымыз орындалмаса, біз жұмысты тоқтатуға мәжбүр боламыз. Компаниясының бас директоры Қозы-Көрпеш Карбузовтың өтінішімізге назар аударуын сұраймыз", - дейді жұмысшылар.