Маңғыстауда мектеп ішінен әжетхана салуға 171 млн теңге бөлінеді

0
1 022

Келесі жылы өңірдегі 63 мектептің ішіне әжетхана салынбақ.


Маңғыстауда мектеп ішінен әжетхана салуға 171 млн теңге бөлінеді

ERNUR.KZ. 2020-2022 жылдарға арналған өңір бюджеті облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында талқыланды, деп жазады ҚазАқпарат.

Келесі жылы өңірдегі 63 мектептің ішіне әжетхана салынбақ. Осы мақсатта облыс қазынасынан 171 млн теңге бөлінеді.

Әсіресе, ауылдық жерлердегі әжетханаларды қамту көзделіп отыр. Қазір облыс бойынша 5 ауданда және 2 қалада жалпы білім беретін 139 мектеп бар.