Маңғыстауда Тоқаевқа үндеу жасаған жұмысшы әйелдердің талабы орындалды

0
691

Жұмысшылардың жалақысы өсетін болды.


Маңғыстауда Тоқаевқа үндеу жасаған жұмысшы әйелдердің талабы орындалды

ERNUR.KZ. 4 тамызда осы ұжым ереуілге шығып, президентке бейнеүндеу жолдады. Жұмысшы әйелдер жалақыны екі есеге көтеруді, радиация үшін қосымша ақы мен пайдалы азық-түлік, ал жылдың соңында 13-ші айлықты беруді талап еткен, деп жазады Azattyq Rýhy.

Lada.kz ақпараттық порталының хабарлауынша, 18-19 тамызда мердігер компания - «Caspian Food» ЖШС жұмысшыларымен кездесу өткізген.

Келіссөз кезінде жалақыны көтеруге шешім қабылданған. Компания жұмысшылары тағы да видео-үндеу жолдап, компания басшылығына алғыс білдірді.

«Біздің талап-арызымыз бойынша бәрі оңынан шешілді. Барлығымыз ризамыз. «Caspian Food» мекемесіне және басшылығына талабымызды орындап, мәселемізді шешкені үшін алғысымызды айтамыз. "Caspian Food" мекемесі жасасын!», - дейді жұмысшылар.