Маңғыстауда тұрғындар ерекше көбелекті кездестірді (видео)

0
1 765

Ерекше көбелек сағатына 50 шақырым жылдамдықта ұша алады.


Маңғыстауда тұрғындар ерекше көбелекті кездестірді (видео)

ERNUR.KZ. Тұрғындар көшеде гүлге қонып жүрген үлкен көбелекті кездестіріп, Facebook желісіне жүктеген, деп жазады ҚазАқпарат.

Кейбір желі қолданушылары колибри құсы ұшып келген деп пікір білдіруде.

Көлемі 50 мм-дей болатын көбелекті Түпқараған ауданы, Сығынды ауылының тұрғындары бейнетаспаға түсіріп алған.

Олар колибри құсы болуы мүмкін деп болжаған.

Дегенмен, бұл құс емес, көбелектер тұқымдасына жатады (лат. Sphingidae). Алғаш көргендер тропиктік колибриге қатты ұқсатуы әбден мүмкін, деп жазған мамандар. Олардың жіңішке тұмсықтары, шалт қимылдары ғана емес басқа да көптеген ұқсастықтары баршылық.

Колибри көбелегі ұзын тұмсығы арқылы гүл шырынымен қоректеніп, осы арқылы өсімдіктерді тозаңдандыруға септігін тигізеді.

Жалпы, бұл көбелек сағатына 50 шақырым жылдамдықта ұша алады. Табиғатта 1000-ға тарта түрі бар.