Маңғыстауда үкімет комиссиясы белсенді бастамашыл топпен келіссөз жүргізіп жатыр

0
631

Жиынға қатысушылар қоғамдық қауіпсіздікті сақтай отырып, жағдайды реттеу мүмкіндігін талқылап жатыр.


Маңғыстауда үкімет комиссиясы белсенді бастамашыл топпен келіссөз жүргізіп жатыр

ERNUR.KZ. Үкімет комиссиясының мүшелері сұйытылған газ бағасын төмендетуді талап еткен бастамашыл топпен кездесу өткізуде, деп жазады primeminister.kz.

Жиынға қатысушылар қоғамдық қауіпсіздікті сақтай отырып, жағдайды реттеу мүмкіндігін талқылап жатыр.

Еске сала кетсек, Президент кеше Үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды экономикалық тұрғыдан ескеріп, құқықтық жағынан тез арада қарастыруды тапсырған еді. ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Маңғыстау облысындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды қарастыру үшін Үкімет комиссиясы құрылғанын жария етті. Маңғыстау облысындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды қарайтын Үкіметтік комиссияны ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов басқаратын болды.