Маңғыстауда жабайы үйректерді суға батырғандар табылды

0
1 211

Оларға 500 АЕК-ке дейін айыппұл салынуы мүмкін.


Маңғыстауда жабайы үйректерді суға батырғандар табылды

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысының полиция қызметкерлері Каспийде жабайы үйректерді суға батырған балықшылардың жеке басын анықтады, деп жазады ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жастар Түпқараған аудандық полиция бөліміне жеткізілді.

«Қазіргі уақытта тергеушілер олармен жұмыс істеп жатыр. Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді (жануарларға қатыгездікпен қарау). Осы бапқа сәйкес 500 АЕК-ке дейін айыппұл салу немесе сол мөлшерде түзету жұмыстарына тарту қарастырылған», делінген хабарламада.

Айта кетейік, желіде моторлы қайықта отырған бірнеше адамның жабайы үйректерді суға батырып жатқаны туралы видео тараған болатын.