Маңғыстауда жасөспірімдер жүктілігі көбейді

0
899

Маңғыстау облысында жыл басынан бері ерте жүктіліктің 60-қа жуық дерегі тіркелді.


Маңғыстауда жасөспірімдер жүктілігі көбейді

ERNUR.KZ. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда кәмелетке толмай жүкті болған қыздардың саны 2% - ға өскен, деп жазады inbusiness.kz.

Өңірде 19 мыңнан астам кәмелетке толмаған қыз тұрады. Сарапшылардың айтуынша, олардың көбі жыныстық өмірді 13 жасынан бастайды.

"Ерте жүктілік бойынша Маңғыстау облысы Қазақстанда бірінші орынға шықты. Өткен жылы аймақта 6 айда кәмелетке толмаған 44 жүкті қыз болған еді. Биыл жыл басынан бері 57 жасөспірім жүкті болды", - деп хабарлады облыстың штаттан тыс балалар гинекологы Айжан Әліпанова.