Маңғыстаулық 5 мұғалім «Үздік педагог» төсбелгісі мен 2,7 млн теңгеден алды

0
817

​«Үздік педагог» республикалық конкурсы педагогтердің қоғамдағы мәртебесін және беделін арттыру мақсатында 2012 жылдан бастап жыл сайын өткізіледі.


Маңғыстаулық 5 мұғалім «Үздік педагог» төсбелгісі мен 2,7 млн теңгеден алды

ERNUR.KZ. Мұғалімдер күні мерекесіне орай Білім және ғылым министрлігі ұйымдастарған «Үздік педагог» республикалық байқауында маңғыстаулық 5 мұғалім топ жарды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Үздік педагог» республикалық конкурсы педагогтердің қоғамдағы мәртебесін және беделін арттыру мақсатында 2012 жылдан бастап жыл сайын өткізіледі.

Байқаудың республикалық кезеңіне Маңғыстау облысынан мектепке дейінгі, жалпы орта және кәсіптік техникалық білім беру ұйымдарынан 8 педагог жолдама алды.

Байқаудың қорытындысы бойынша Маңғыстау облысында 5 педагог жеңімпаз атанды. Олар:

- Байназаров Қуат Кеңесұлы Мұнайлы, ауданы №3 орта мектептің география пәні мұғалімі;

- Ізтұрганова Майра Аманжанқызы, Маңғыстау ауданы Шетпе гимназияның музыка пәні мұғалімі;

- Сүлейменова Қарлығаш Амангелдіқызы, Мұнайлы ауданы «Қызылтөбе» лицейінің физика пәні мұғалімі;

- Қарабасова Жәмила Жанабайқызы, Ақтау қаласы Х. Өзбекәлиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжінде «Машина жасау технологиясы» мамандығының арнайы пән оқытушысы;

- Мұратова Батис Алпысбайқызы, Ақтау қаласы Маңғыстау туризм колледжінде «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының арнайы пән оқытушысы.

Жеңімпаздарға «2020 жылдың үздік педагогы» төсбелгісі, куәлік, сондай-ақ 2 778 000 теңге сомасында сыйақы табыс етілді.