Маңғыстаулық суықта қалған қоқиқаз құтқарды

0
3 180

Тұрғын құсты ғимаратқа кіргізіп, қалай жылытып жатқанын таспаға түсірген.


Маңғыстаулық суықта қалған қоқиқаз құтқарды

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде фқоқиқазды суықтан құтқарған маңғыстаулық тұрғынның видеосы жарияланды, деп жазады ҚазАқпарат.

Видео авторы суық күнде мұздап ұшып кете алмаған қоқиқаз құтқарғанын айтады. Тұрғын құсты ғимаратқа кіргізіп, қалай жылытып жатқанын таспаға түсірген.

Таспаға қарап тоңып қалған құсты Маңғыстау тұрғыны кен орындарының бірінен тапқанға ұқсайды. Ер адам әлсіреп қалған құсты жылы жерге орналастырған. Құс жылынып күш жинаған соң, видео авторы оны босатып жіберген.