"Маңызды кездесу болады": Жүкембаев Елеусінов пен Индонго арасындағы кездесу туралы

0
610

Бұл кездесуде IBF белбеуі сарапқа салынады.


ERNUR.KZ. Олимпида ойындарының чемпионы Данияр Елеусінов (9-0, 5 КО) пен намибиялық Джулиус Индонго (23-2, 12 КО) арасындағы жартылай орта салмақтағы IBF Intercontinental белбеуі үшін өтетін кездесу екі боксшы үшін де маңызды болмақ, деп жазады Vesti.kz.

"Бұл Елеусінов үшін өте маңызды кездесу болмақ. Данияр үлкен жекпе-жектерге шығуға дайындалып жатыр. Индонго - танымал боксшы. Ол әлемнің бұрынғы чемпионы. Бұл екі боксшы үшін де маңызды кездесу болмақ. Бокста кез-келген нәтиже тіркелуі мүмкін екенін жақсы білесіздер. Дегенмен біз Даниярға сенеміз. Алдағы кездесуіне сәттілік тілеймін. Жеңіске жетеді деп ойлаймын", - деді Жүкембаев.

Айта кетейік, он раундқа жоспарланған Елеусінов пен Индонго арасындағы кездесу 27-қараша күні Голливуд (Флорида штаты, АҚШ) қаласында өтеді. Бұл бокс кешінің басты жекпе-жегінде Дэниель Джейкобс (36-3, 30 КО) пен Габриэль Росадо (25-12-1, 14 КО) шаршы алаңға шығады.

Индонго бұған дейін бірінші орта салмақта IBF, WBA және IBO белбеулернің иегері болған.