Марат Ирменов Алматы қалалық ҰҚК басшысы болып тағайындалды

0
552

Бұған дейін 2020 жылдың ақпан айынан бастап Қордай ауданындағы тәртіпсіздіктерден кейін тағайындалған ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы қызметін атқарған.

ERNUR.KZ. Алматы қалалық Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы болып Марат Ирменов тағайындалды, деп жазады baq.kz.

Бұған дейін 2020 жылдың ақпан айынан бастап Қордай ауданындағы тәртіпсіздіктерден кейін тағайындалған ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы қызметін атқарған.

2016-2020 жылдары ҰҚК Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы болды. Бұған дейін Ирменов Алматы қаласы бойынша ҰҚК бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарған.