Мароккодағы жер сілкінісінен қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ – СІМ

0
1 087

Мароккода 8 қыркүйек күні кешке магнитудасы 6,9 балдық жойқын жер сілкінісі болды.


Мароккодағы жер сілкінісінен қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ – СІМ

ERNUR.KZ. Мароккодағы жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ, деп жазады sputnik.kz.

Естеріңізге сала кетейік, Мароккода 8 қыркүйек күні кешке магнитудасы 6,9 балдық жойқын жер сілкінісі болды.
Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Марракештен оңтүстік-батысқа қарай 77 шақырым жерде орналасқан. Мамандардың айтуынша, зілзала ошағы 10 шақырым тереңдікте болған. Магнитудасы 4,8-ге дейін жететін жерасты дүмпулері бірнеше рет қайталанды.
Сейсмологтар алдағы бірнеше күн ішінде жер сілкінісінен кейінгі дүмпулер болуы мүмкін екенін ескертті.