Мәскеу соты Томирис Байсафаның өліміне қатысты ақтау үкімінің күшін жойды

0
368

8 маусымда Муртузали Меджидов алқабилер үкімі негізінде ақталып шығып, сот залынан босатылған болатын.


Мәскеу соты Томирис Байсафаның өліміне қатысты ақтау үкімінің күшін жойды

ERNUR.KZ. Мәскеу қалалық соты жәбірленушілер мен мемлекеттік айыптаушы тараптың шағымын қанағаттандырып,2018 жылдың көктемінде МГИМО студентін өлтірді деген айыппен қамауға алынған Дағыстан Республикасы үкіметінің бұрынғы басшысы Мұхтар Меджидовтің ұлы Муртузали Меджидовке қатысты алқабилердің ақтау үкімінің күшін жойды, деп жазады Azattyq Rýhy.

ТАСС агенттігінің мәліметіне сүйнесек, бұл туралы сотталушының адвокаты Шамиль Яндарбаев хабарлаған.

«Бүгін Мәскеу қалалық сотының сегізінші құрамы жәбірленушілердің шағымын және менің қорғауымдағы адамға қатысты үкімнің күшін жою туралы прокуратураның апелляциялық шағымын қанағаттандырды», - деді агенттік сұхбатшысы.

Оның айтуынша, бейсенбі күні Меджидовқа қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі апелляциялық сатыда қаралмаған.

Айта кетсек, 8 маусымда Мәскеудің Никулинск соты алқабилердің үкімі негізінде Меджидовты ақтау үкімін шығарған болатын. Алқабилер алқасы көпшілік дауыспен (5 дауысқа қарсы 1 дауыс) үкім шығарған еді, соған сәйкес Меджидов кінәсіз деп танылып, қылмыстық іс қаралған Никулинский сот залында босатылды.

Еске салсақ, 2018 жылдың сәуір айында МГИМО ғимараты тересінің астында қазақстандық Томирис Байсафа ес-түссіз жатқан жерінен табылған болатын. Студент қыз комаға түсіп, үш аптадан кейін ауруханада қайтыс болды. Куәгерлердің айтуынша, университеттің 4-қабатындағы аудиторияда қайғылы оқиға болғанға дейін ол жігіті Муртазали Меджидовпен ұрсысып қалған.

Бастапқыда қылмыстық іс Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің «Өзін-өзі өлтіруге апару» бабы бойынша қозғалған болатын. Алайда марқұмның анасы Жанна Ахметова сот үкімімен келіспей, 2020 жылдың қазан айында Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті. Мемлекет басшысы Томиристің өліміне қатысты істі өз бақылауына алды.

Осылайша, Дағыстан Республикасы үкіметінің бұрынғы басшысының ұлы Муртузали Меджидов қыз қайтыс болғаннан кейін екі жылдан кейін ұсталып, қамауға алынды. Оған кісі өлтірді деген айып тағылды.