Мәскеуде білім алып жүрген қазақстандық полицей бүлдіршінді трамвайдың басып кетуінен құтқарып қалды

0
722

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.


Мәскеуде білім алып жүрген қазақстандық полицей бүлдіршінді трамвайдың басып кетуінен құтқарып қалды

ERNUR.KZ. Ресейде білім алып жүрген қазақстандық полицей Зарина Жұмабек Мәскеуде баланы өлімнен құтқарып қалды, деп жазады Stan.kz.

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ақмола облысының тумасы Зарина Жұмабек Мәскеуде Ресей ІІМ басқару академиясының 3-ші факультетінде "криминалистика және сот-сараптама қызметі" мамандығы бойынша білім алады.
16 мамыр күні жатақханаға қайтар жолда ол трамвай жолдарын кесіп өтіп бара жатқан екі баласы бар әйелді көреді.
Осы сәтте желдің екпінімен қыздардың бірінің басындағы қалпағы жерге ұшып түседі. Бүлдіршін келе жатқан трамвайды байқамай, бас киімін алу үшін артқа қарай жүгіреді. Қауіптің салдарын бағалаған отандасымыз кішкентай қызды трамвайдың басып кетуінен қорғап қалып, оны қауіпсіз жерге апарады.
Болған оқиғадан кейін Зарина қорқып қалған баланы тыныштандырып, содан кейін оны анасына тапсырады. Бұл уақытта трамвай қайғылы оқиғаның алдын алған жерден 12 метр жүріп кеткен еді.
Трамвай аялдамасында болған академия студенттері қазақстандық қыздың ерлігіне куә болады. Олар оқу орнының басшылығына болған жағдай туралы айтып берген.
14 маусымда Заринаны өзі білім алып жатқан академия атынан марапаттайды.
"Бұл әрекет кәсібиліктің, батылдықтың және төтенше жағдайлардағы нақты әрекеттердің жоғары деңгейін көрсетеді", - деп атап өтті Ресей ІІМ басқару академиясы басшыларының бірі Григорий Скрипкин.
Заринаның өзі болған оқиғаны еске алып, ол кезде тек баланы құтқарып қалуды ойлағанын айтады.
"Мен басқалай жасай алмайтын едім. Сол сәтте мен тек баланы апаттан құтқарып қалуды ғана ойладым. Академияның адъюнкті бола отырып, мен әрқашан өз отаным – Қазақстан Республикасын басқа елде абыроймен және мақтанышпен көрсетуге тырыстым. Мен өзімнің жинақтаған барлық кәсіби білімімді еліміздің игілігі үшін пайдаланғым келеді", - дейді батыр қыздың өзі.