Мәскеуде тәртіп бұзған қазақстандық трансгендер ұсталды

0
601

Қазақстандық трансгендердің тәртіп бұзғанын Mash-телеграм арнасы жазды.


Мәскеуде тәртіп бұзған қазақстандық трансгендер ұсталды

ERNUR.KZ. Мәскеудегі көңіл көтеру орындарының бірінде тәртіп бұзған қазақстандық трансгендер ұсталды. Ол Украинаны қолдайтын ұрандар айтып, елдің мазасын алған, деп жазады stan.kz.

Қазақстандық трансгендердің тәртіп бұзғанын Mash-телеграм арнасы жазды. Дерекке сүйенсек, оқиға Мәскеудегі “Молодежь” көңіл көтеру орнында болған. Фемина Элис деп есім қойған трансгендер Украинаны қолдайтын ұрандар айтып, қоғам тыныштығын бұзған. Тіпті айналасындағы азаматтарды боқауыз сөздерімен балағаттаған көрінеді.

Көп ұзамай оны тәртіп сақшылары ұстап алып кеткен. Оған 3 бап бойынша айып тағылып отыр. Яғни “Полицияға бағынбау”, “Ұсақ бұзақылық” және РФ Қорғаныс күштеріне тіл тигізу”.