Мәслихат депутаты елордада Тоқтар Әубәкіровтің атына лайықты көше беруді ұсынды

0
465

Мәслихат депутатының сөзінше, Тоқтар Әубәкіровтің есімі қырқыншы стансадағы қысқа көшеге берілген.


Мәслихат депутаты елордада Тоқтар Әубәкіровтің атына лайықты көше беруді ұсынды

ERNUR.KZ. Астана қалалық мәслихатының депутаты Гүлжамал Жапарова елордада қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіровтің атына лайықты көше беруді ұсынды, деп жазады inbusiness.kz.

"Алдыңғы сессияда Тоқтар Әубәкіровтің атына лайықты көше беру туралы айтқан болатынмын. Сіз (қалалық Мәслихаттың төрағасы Ерлан Қаналимов – авт.) айтып кеткендей, Мәдениет және спорт министрлігінің жауабы бойынша ол тарихи тұлғалардың тізіміне кірмейді. Тоқтар Әубәкіровтің атына лайықты көшенің атын беру бойынша министрлікке ұсыныс жасасақ қайтеді?", - деді ол.

Мәслихат депутатының сөзінше, Тоқтар Әубәкіровтің есімі қырқыншы стансадағы қысқа көшеге берілген.

"Қазіргі қолданыстағы заңнамаға сәйкес, көзі тірі адамдардың есімі көше атауларына берілмейді. Адам бұл өмірден өткеніне 5 жылдан соң ғана оған көше атауын беру мәселесі қарастырылады. Оған (Тоқтар Әубәкіров – авт.) көшенің атауы бұрын берілген. Бұл мәселені көтеріп, оның атындағы көшені қырқыншы стансадан орталыққа ауыстыру мәселесін қарастырайық", - деп жауап берді қалалық Мәслихат төрағасы Ерлан Қаналимов.