Мәулен Әшімбаев Сенат депутаты болып тағайындалды

0
1 332

Әшімбаев 2019 жылдың желтоқсанынан бері ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып келген.


Мәулен Әшімбаев Сенат депутаты болып тағайындалды

Мемлекет Басшысының Жарлығымен Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

1971 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

1993 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. 2016 жылы Тафтса университетін, Флетчер атындағы құқық және дипломатия мектебін (АҚШ) аяқтаған. Саяси ғылымдардың кандидаты. Халықаралық қатынастар магистрі.

2019 жылдың 18 желтоқсаннан бері Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының Бірінші орынбасары болып қызмет атқарған.

2 мамырда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Назарбаева Дариға Нұрсұлтанқызының өкілеттігі тоқтатылды. 4 мамырда ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысы болып, онда "Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Д.Н.Назарбаеваның өкілеттігін тоқтату туралы" қаулы қабылданды.