Мәулен Әшімбаевтің депутаттық уәкілеті тоқтатылды

0
1 411

ҚР Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында Мәулен Әшімбаевтың депутаттық уәкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылданды. Оны мәжілісмендер бір ауыздан қолдады.

«ҚР Конституциясының 52-бабы 5-тармағына, «ҚР Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңының 24-бабы 3-тармағына сәйкес және отставкаға кету туралы өз арызының негізінде ҚР Орталық сайлау комиссиясы ҚР Парламент депутаты Мәулен Сағатханұлы Әшімбаевтың уәкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуды ұсынады», - деді ОСК өкілі Бахыт Мелдешов.

1 ақпан күні Мәулен Әшімбаев «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалған болатын.