Маусымның соңында ең әдемі метеор ағынын көруге болады

0
1 573

Бұл метеор ағыны Боотидтер деп аталады.


Маусымның соңында ең әдемі метеор ағынын көруге болады

ERNUR.KZ. 24 маусым мен 2 шілде аралығында Қазақстан аумағында түнгі аспаннан ең әдемі метеор ағынын көруге болады, деп жазады Алтайньюс.

Бұл метеор ағыны Боотидтер деп аталады. Метеорлар Волопас шоқжұлдызынан маусым айының соңында ұшып шығады. Белсенділігі жағынан маусымдық метеор ағыны тамыздағы Персеидтер мен желтоқсандағы Геминидтерге ілесе алмайды екен. Сағатына 10 метеордан артық шығармайды. Боотидтердің түсі қызыл-сары, ал траекторияның соңында жарқ еткен сәуле пайда болады.