Мәжіліс аппараты басшысының жаңа орынбасары тағайындалды

0
566

Ақпаратты Мәжілістің баспасөз қызметі өкілі растады.


Мәжіліс аппараты басшысының жаңа орынбасары тағайындалды

ERNUR.KZ. ҚР Парламенті Мәжілісі аппараты басшысының орынбасары болып Болат Кальянбеков тағайындалды, деп жазады Tengrinews.kz

Ақпаратты Мәжілістің баспасөз қызметі өкілі растады.

Болат Кальянбеков Nur Media холдингінің бұрынғы бас директоры. Ол 2019 жылы "Алматы" телеарнасының директоры болған. 2014 жылы Жоғарғы соттың баспасөз қызметін басқарды.

Болат Кальянбеков әр жылдары Мәдениет және ақпарат министрлігінде маман, бөлім, басқарма басшысы, сондай-ақ Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы болып жұмыс істеген. Ол Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің инспекторы және сектор меңгерушісі болған.