Мәжіліс депутаттары Арыс тұрғындарына бір күндік жалақыларын аударады

0
1 165

​Қаражат Түркістан облысының Арыс қаласында орын алған төтенше оқиғаларға байланысты тұрғындарға көмек көрсетуге арналады.​


Мәжіліс депутаттары Арыс тұрғындарына бір күндік жалақыларын аударады

ERNUR.KZ. Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалық етуімен өткен Парламент Мәжілісінің Бюро отырысында «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қорына бір күндік жалақыны аудару туралы қаулы қабылданды, деп жазады sn.kz.

Қаражат Түркістан облысының Арыс қаласында орын алған төтенше оқиғаларға байланысты тұрғындарға көмек көрсетуге арналады.