Мәжіліс депутаттары Каспий теңізінің экологиялық жағдайына қатысты құжатты мақұлдады

0
433

аттама бойынша теңіз ортасына әсер етуі мүмкін қызмет түрлерінің тізбесі айқындалған.


Мәжіліс депутаттары Каспий теңізінің экологиялық жағдайына қатысты құжатты мақұлдады

ERNUR.KZ. Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Каспий теңізінің ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға Каспий теңізін жерүсті көздерінен және құрлықта жүзеге асырылатын қызмет нәтижесінде ластанудан қорғау жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды, деп жазады inform.kz.

«Каспий теңізінде көмірсутек шикізатының ірі қорларының болуы су айдынының экологиясы мен биоресурстарын сақтау туралы мәселені өзектендіреді. Хаттаманың негізгі мақсаты - Каспий теңізінің экологиялық таза теңіз ортасына қол жеткізу және сол қалпында ұстау үшін жерүсті көздерінен әрі құрлықта жүзеге асырылатын қызметтер нәтижесінде теңіз ортасының ластануын болдырмау, бәсеңдету, бақылау және барынша мүмкін болатын апаттарды жою», - деді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев.


Хаттаманың негізгі бағыттары:

- ең озық қолжетімді технологияларды және табиғат қорғау практикасын пайдалану әрі оларды теңіз акваториясында жүзеге асыру кезінде беру;

- Каспий теңізінің теңіз ортасы мен жағалау маңындағы аудандарының физикалық, биологиялық және химиялық сипаттамалары туралы деректер базасын құру мен жүргізу;

- Каспийдің теңіз ортасы мен жағалау маңындағы аудандарының жай-күйіне, оның жағалау жиегі бойындағы теңіздің ластану деңгейіне тұрақты бағалау жүргізу болып отыр.


«Хаттама бойынша теңіз ортасына әсер етуі мүмкін қызмет түрлерінің тізбесі айқындалған. Конвенцияға сәйкес тараптар өздерінің ұлттық заңнамасы бойынша қоршаған ортаға әсерді бағалауды қоса алғанда, Каспий теңізінің теңіз ортасын және жағалау маңындағы аудандарын ластанудан қорғау үшін қажетті іс-шараларға жергілікті билік органдары мен жұртшылықтың қатысуына ықпал етеді. Сондай-ақ, әрбір тарап қоғамның Каспий теңізінің теңіз ортасы мен жағалау маңындағы аудандарының жай-күйі туралы ақпаратқа қол жеткізуін жеңілдетеді. Хаттама мүдделі органдармен ескертулерсіз келісілді, теріс әлеуметтік-экономикалық салдарға әкеп соқтырмайды», - деді министр.