Мәжіліс депутаты теңіз вокзалын салуды ұсынды

0
372

Сондай-ақ елге бірінші рет келген туристтерге тегін байланыс карталарын беру ұсынылды.


Мәжіліс депутаты теңіз вокзалын салуды ұсынды

ERNUR.KZ. Мәжіліс депутаты Нұргүл Тау Ақтау портында теңіз вокзалын салуды ұсынды, деп жазады baq.kz.

Бұл туралы депутат Туризм және спорт министріне жолдаған сауалында айтты.

Бүгінгі таңда саяхаттаудың танымал түрі саналатын кеме круизі саласында өзгерістер жоқтың қасы. Дегенмен Қазақстан үшін Каспий теңізі бұл саланы дамытуға жақсы мүмкіндік береді. Осыған қатысты Ақтау портында теңіз вокзалын салу және осыған қатысты инфрақұрылымды құру мәселесін қарастыруды сұраймын, - деді Тау.

Сонымен бірге депутат министрлікке қазақстандық туризмнің тартымдылығына көп көңіл бөлу қажеттігін айтты. Мәжілісмен осыған қатысты ведомствоны ірі шетелдік компаниялармен, оның ішінде CNN, EuroNews, BBC телеарналары, Netflix, Amadeus ағындық алаңдарымен ынтымақтастық орнатуға шақырады.

Сондай-ақ елге бірінші рет келген туристтерге тегін байланыс карталарын беру ұсынылды.