Мәжіліс Төрағасының інісі "ҚазТрансОйлдың" Басқарма мүшесі болды

0
686

Ғазиз Қошанов - Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановтың ағасы. Аралары екі жас.


Мәжіліс Төрағасының інісі

ERNUR.KZ. Ғазиз Қошанов "ҚазТрансОйл" АҚ Басқарма мүшесі болды, деп жазады ulysmedia.kz.

"ҚазТрансОйл" Директорлар кеңесінің 14 сәуірдегі шешімімен компанияның Басқарма мүшесі Арман Майкеновтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. 15 сәуірден бастап Басқарма мүшесі болып Ғазиз Қошанов сайланды, ол 11 сәуірден бастап әлеуметтік-еңбек қатынастары және жалпы мәселелер жөніндегі Басқарушы директоры.

Осылайша, "ҚазТрансОйл" басқармасы алты адамнан тұрады: Талғат Құрманбаев, Сәбит Арынов, Эрик Сағиев, Жайық Махин, Жайдарман Исаков, Ғазиз Қошанов.

Бұған дейін Қошанов "PetroRetail PFS"ЖШС директорының орынбасары қызметін атқарған. 2012-2017 жылдары "ҚазМұнайГаз Өнімдері" ЖШС бизнесті дамыту жөніндегі директор орынбасары, бірінші директор орынбасары, трансформациялау жөніндегі бірінші директор орынбасары болды. 2017-2019 жылдары "ҚазМұнайГаз-Аэро"ЖШС Бас директорының бірінші орынбасары, даму жөніндегі директордың орынбасары, Бас директордың кеңесшісі болып жұмыс істеді.

Ғазиз Қошанов - Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановтың ағасы. Аралары екі жас.