Мәжілісмен Нұржан Әлтаев: "Мені қорқыта алмайсыңдар"

0
2 212

ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Нұржан Әлтаев, әлеуметтік желіде өзіне біреулердің ақпараттық соғыс ашпақшы болып жатқанын жазды.


Мәжілісмен Нұржан Әлтаев:

фото ашық дереккөзден

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Нұржан Әлтаев қызметтегі белсенділігіне байланысты ақпараттық шабуыл жасалуы мүмкін екендігін өзінің "фэйсбуктағы" парақшасына жазды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

"Кеше мәжіліс депутаты қызметіндегі белсенділігіме байланысты, жақын арада маған қарсы ақпараттық шабуыл болу мүмкін екендігін ескертті. Ақпараттарға сүйенсек, кейбір адамдарды менің жақында жасаған соңғы сұраныстарым өте қатты қорқытыпты. Олардың қай жерге дейін баратынын білмедім. Бірақ, оларға бар жауапкершілігіммен айтарым, бұл олар үшін уақыты мен қаржысын текке шығындау болады. Мені онымен қорқыта алмайсыңдар.

Мен алдағы уақытта да қарапайым ауыл тұрғындары мен фермерлерді алаңдататын мәселелерді көтеруді жалғастырамын!

Алда жағдайлардың қалай өрбитінін байқайтын боламыз", деп жазады депутат.