Мәжілісте жаңа депутат ант берді

0
514

Конституцияға сәйкес, Парламенттің жаңа сайланған депутаты ант береді.


Мәжілісте жаңа депутат ант берді

ERNUR.KZ. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында жаңа мәжілісмен Фуат Сатыбаев ант берді, деп жазады baq.kz.

Конституцияға сәйкес, Парламенттің жаңа сайланған депутаты ант береді.

Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін, - деді Фуат Сатыбаев.

Фуат Сатыбаев Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің құрамына сайланды.

Келіс түскен өтінішке сәйкес, Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің құрамына депутат Фуат Сайдахметұлы Сатыбаевты сайлауды ұсынамын. Фуат Сайдахметұлы – хирург-дәрігер, Денсаулық сақтау саласының құрметті қызметкері ретінде танымал. Мәжіліс депутаты болып сайланғанға дейін «Ақ жол» партиясынан сайланған Павлодар облыстық мәслихатының жетінші шақырылым депутаты болды, - деп атап өтті комитеттің төрайымы Айгүл Құспан.