Мәжілісте жолдың тез бұзылуына жол бермейтін заң жобасы таныстырылды

0
379

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын түсіндіріп берді.


Мәжілісте жолдың тез бұзылуына жол бермейтін заң жобасы таныстырылды

ERNUR.KZ. Мәжілісте көлік мәселелеріне қатысты заңға енгізілген өзгерістер таныстырылды, деп жазады baq.kz.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын түсіндіріп берді.

Заң жобасының негізгі мақсаттары - жолдарда көліктік бақылауды автоматтандыру, теңіз көлігі саласындағы халықаралық шарттардың нормаларын имплементациялау, теміржол көлігіндегі оқиғаларды және кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеу тәртібін жетілдіру. Сонымен қатар заңнаманы Халықаралық Азаматтық авиация ұйымы стандарттарының талаптарына және Еуропалық Одақтың авиациялық талаптарына келтіру және әуеайлақ маңындағы аумақта қызметті жүзеге асыруға рұқсат алу тетігін реттеуді көздейді.

Жүктерді автомобильмен тасымалдаудың жоғары қарқындылығы жол төсемінің мерзімінен бұрын бұзылуына жол бермеу бойынша түбегейлі шараларды қабылдауды талап етеді. Осы мақсатта «2020-2025 жылдарға арналған Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жолдарда көлік құралдарының салмақтық және габариттік параметрлерін өлшейтін автоматтандырылған станцияларды орнату жоспарланып отыр, - деді вице-министр.
Заң жобасында өлшеу стансаларын орнату және олардың жұмыс істеу тәртібін айқындайтын нормалар көзделген.

ИИДМ өкілінің сөзінше, стансалар адамның қатысуынсыз «Сергек» қағидаты бойынша жұмыс істейді.

Ұсынылып отырған шараларды іске асыру автожолдардың сақталуын қамтамасыз етуге, ауыр салмақты АКҚ жол жүргені үшін бюджетке түсетін алымдар түсімін жыл сайын 1,5 млрд теңгеге арттыруға және автожолдарда көліктік бақылау жүргізу кезінде адами факторды болдырмауға мүмкіндік береді, - деді Берік Қамалиев.