"Медеу" мұз айдынында 15 қараша күні жаппай сырғанау маусымы ашылады

0
391

"Медеу" мұз айдынында жаңа сырғанау маусымы 2023 жылғы 15 қараша күні ашылады.


ERNUR.KZ. "Медеу" спорт кешенінің әкімшілігі мұз айдынының ашылуына қатысты мәлімдеме жасады, деп жазады tengrinews.kz.

"Медеу" мұз айдынында жаңа сырғанау маусымы 2023 жылғы 15 қараша күні ашылады.

"Алматы тұрғындары мен қонақтары үшін 15 қарашада сағат 10:00-ден бастап "Медеу" мұз айдынында көпшілік коньки тебе алады, ал маусымның ашылу салтанаты сағат 13:30-де басталады. Мұз айдынының ашылу бағдарламасында коньки тебушілер мұз айдынында өнер көрсетеді, флешмоб өтеді, ұтыс ойындары ойнатылады, әртістер өнер көрсетеді, сондай-ақ кешеннің ең белсенді қонақтарына сыйлықтар беріледі", - деп мәлімдеді "Медеу" спорт кешенінің баспасөз қызметі.
Мұз айдыны әкімшілігі қазір нысанда дайындық жұмыстары аяқталып, мұз құйылып жатқанын мәлімдеді.