«Медеуде» «Айт Фест» өтеді деген ақпарат жалған - Алматы спорт ғимараттары дирекциясы

0
601

Әлеуметтік желілерде жарияланған 28 маусым күні «Медеу» биік таулы спорт кешенінде «Айт Фест» фестивалі өтеді деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.


«Медеуде» «Айт Фест» өтеді деген ақпарат жалған - Алматы спорт ғимараттары дирекциясы

ERNUR.KZ. Бұл туралы «Алматы қаласының спорт ғимараттары дирекциясы» ЖШС мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

Дирекцияның мәліметінше, «Айт Фест» фестивалін ұйымдастырушы мен Дирекция арасында фестивальді өткізу туралы келіссөздер жүргізілмеген және тиісті келісім жасалмаған.

«Бұдан бөлек, 27-29 маусым күндері «Медеу» биік таулы спорт кешенінде спорт фестивалін өткізу жоспарлануда. Сондай-ақ,»Азия дауысы«халықаралық музыка фестивалін Медеуде өткізу жоспарланғандықтан 29 маусымнан бастап монтаждау жұмыстары мен декорацияларды ресімдеу жүргізіледі, демек мұнда өзге іс-шараларды өткізу мүмкін емес», - делінеді «Алматы қаласының спорт ғимараттары дирекциясы» ЖШС хабарламасында.

Дирекция шындыққа жанаспайтын мұндай жалған ақпараттар жалғасар болса, онда құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құқық қорғау органдарына жүгінетінін ескертті.