Медеудегі өртті тікұшақпен сөндіріп жатыр

0
835

Алматы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, "Іле-Алатау паркі" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде, Кіші Алматы орманшылығы 38-аумағында қураған шөп пен ағаштар жанған.


Медеудегі өртті тікұшақпен сөндіріп жатыр

ERNUR.KZ. Медеуде өрт шықты, деп жазады Zakon.kz.

Алматы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, "Іле-Алатау паркі" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде, Кіші Алматы орманшылығы 38-аумағында қураған шөп пен ағаштар жанған.

Оқиға орнында "Іле Алатау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі қызметкерлерінен 42 адам және төтенше жағдайлар департаментінің 22 қызметкері, сондай-ақ 5 техника жұмылдырылған.

Өртті сөндіруге "Қазавиақұтқару" тікұшағы ұшып шықты.