Медеуден Шымбұлаққа апаратын арқан жолдар жабылады

0
593

Оған жөндеу жұмыстары жүргізілмек.


Медеуден Шымбұлаққа апаратын арқан жолдар жабылады

ERNUR.KZ. Алматыдан Шымбұлаққа апаратын арқан жолдар жыл сайынғы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жабылады, деп жазады inbusiness.kz.

Бұл туралы курорт әкімшілігі мәлім етті.

Атап айтқанда, 15-31 мамыр аралығында Медеу – Шымбұлақ және Комби-1 арқан жолы жабылса, 15 мамыр – 9 шілде аралығында Комби-2 жолы жұмыс істемейді.

Ал ККД-4 қалыпты режимдегі жұмысын жалғастырады.

15 мамырдан бастап Шымбұлаққа тек такси не эко автобустармен баруға болады.