Мектеп асханаларының жұмыс істеуіне рұқсат беріледі

0
2 508

Қазіргі уақытта қолайлы эпидемиологиялық аймақтарда орналасқан белгілі бір өңірлерде мектеп асханаларын ашу жайлы ұсыныстар түскен.


Мектеп асханаларының жұмыс істеуіне рұқсат беріледі

ERNUR.KZ. Санитарлық-эпидемиологиялық ахуал тұрғысынан тұрақты аймақтарда мектеп асханаларының жұмыс істеуіне мүмкіндік беріледі. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов ОКҚ-да өткен брифингіде айтты, деп жазады zakon.kz.

"Мектеп асханаларына келетін болсақ, бұл мәселе де қарастырылып жатыр", - деді Қиясов.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта қолайлы эпидемиологиялық аймақтарда орналасқан белгілі бір өңірлерде мектеп асханаларын ашу жайлы ұсыныстар түскен.

"Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупін азайту мақсатында мектеп асханаларын ашудың алгоритмі алдын ала егжей-тегжейлі баяндалады", - дейді ол.