Мектеп асханасында тамақтану туралы бұйрыққа өзгеріс енгізіледі

0
1 319

Бұйрықта барлық білім беру ұйымы көрсетілген.


Мектеп асханасында тамақтану туралы бұйрыққа өзгеріс енгізіледі

ERNUR.KZ. Оқу-ағарту министрлігі білім беру ұйымдарының асханасына қазақстандық тауарлардың кем дегенде 60 процентін сатып алу міндетін алып тастауды ұсынды. Бұйрықтың жобасы "Ашық НҚА" сайтында қоғамдық талқылауға шығарылды, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Бұған дейін асханада тамақтануды ұйымдастыру туралы келісімшартта отандық өнімнің 60 процентін сатып алу міндеті болған. Енді "білім беру ұйымдарының шәкірттері мен білім алушылары үшін сапалы тамақтануды ұйымдастыру және өнім таңдауын кеңейту мақсатында" бұрынғы талапты алып тастау жоспарланып отыр.
Бұйрықта барлық білім беру ұйымы көрсетілген. Олар: мектептер, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдары, балабақшалар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары, техникалық және кәсіптік оқу орындары.