Мектеп кітапханашыларына "педагог" мәртебесі берілуі мүмкін

0
704

Жалпы Қазақстанда 2030 жылға қарай кітапхана қызметкерлері бойынша қажеттілік 6 987 адамды құрап отыр.


Мектеп кітапханашыларына

ERNUR.KZ. Үкімет мектеп кітапханашыларының мәртебесін көтеру үшін оларды "педагог" лауазымына теңестіру мәселесін қарастырады. Бұл туралы вице-премьер – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың депутаттық сауалға берген жауабында айтылған, деп жазады sputnik.kz.

Қазіргі таңда үкіметтің "Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту туралы" қаулысында "педагог-кітапханашы" лауазымы қарастырылмаған.
"Осыған байланысты білім беру ұйымдарындағы кітапханашыларды "педагог" лауазымына теңестіру мәселесі жан-жақты зерделеніп, пысықталады", - делінген жауапта.
Кітапханашылар "педагог" лауазымына теңестірілген жағдайда, "Педагог мәртебесі туралы" заңда қарастырылған барлық норма, соның ішінде аттестаттация да оларға қатысты болады.
Жалпы Қазақстанда 2030 жылға қарай кітапхана қызметкерлері бойынша қажеттілік 6 987 адамды құрап отыр.
Сондай-ақ Дүйсенованың жауабында биылғы оқу жылына "Кітапхана ісі" мамандығына 100 грант бөлу жоспарланып отырғаны айтылған. Аталған көрсеткіш 2022-2023 оқу жылымен салыстырғанда 75%-ға жоғары.
Бұған дейін мәжіліс депутаттары "Кітапхана ісі" мамандығын жетілдіру және "Педагог-кітапханашы" мамандығына лицензия қарастырып, біліктілік санатын беру мәселесін көтерген болатын.