Мектеп кітапханашыларының жалақысы көтеріледі

0
5 047

Сондай-ақ, аталған жұмыстарды үйлестіретін мектеп кітапханашыларының әлеуетін көтеруге де мән беріліп отыр.


Мектеп кітапханашыларының жалақысы көтеріледі

ERNUR.KZ. Бұл туралы ОКҚ-да өткен онлайн брифинг барасында ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық» ғылыми-практикалық орталығының директоры Ғани Бейсембаев айтты, деп жазады baq.kz.

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында тек қана көркем әдебиеттермен ғана толықтыру жеткіліксіз екені белгілі. Сондықтан жол картасында бірнеше міндет көрсетілді.

Мектеп кітапханаларының материалдық-техникалық базасын нығайту. Бүгінгі күні бұл сын көтермейтін жағдайда. Тіпті жаңадан берілген мектептердің өздерінде мектеп кітапханаларына жеткілікті орынның өлінбегендігі көрініп отыр. Сондықтан балалардың кітап оқуға ынтасын, құштарлығын арттыру үшін арнайы оқу залдарының безендірілуіне мән беріліп отыр. Сонымен қатар, жаңа компьютерлермен қамту да қарастырылған, - деп атап өтті Ғани Бейсембаев брифингте.

Сондай-ақ, аталған жұмыстарды үйлестіретін мектеп кітапханашыларының әлеуетін көтеруге де мән беріліп отыр.

Мектеп кітапанашыларының аттестатциядан, оларды арнайы курстардан, оқытудан өткізумен қатар педагогикалық ЖОО-ларда дайындалатын «Кітапханашы» мамандығын «Педагог кітапханашы» деген мамандыққа алмастыру. Сонымен қатар, мектеп кітапханашыларының жалақасын көтеру мәселесі де жол картасында көрсетілігіп, нақтыланған, - дейді ол.

Кітапхана қызметін үйлестіруге қатысты нормативтік-құқықтық актілерді қайтадан жаңартып, жетілдіру қолға алынады.

Мектеп кітапханаларын цифрландыру бағытында жұмыстар атқару көзделіп отыр. Яғни бұл - бірінші кезекте биылдан басталған жұмыстардың бірі. Мектеп оқулығының барлығы Ұлттық деректер базасына енгізілді. Осы ізбен болашақта көркем әдебиеттер де Ұлттық деректер базасына енгізіліп, оқушылардың кітапқа құмарлығының қаншалықты деңгейде екенін, қандай кітапты оқитыны және сол әдебиеттердің балалар қызығушылығын қаншалықты арттыратындығысонымен қатар, әр мектепті қаншалықты деңгейде көркем әдебиетпен толықтырып өту керектігі анықталатын болады, - деді ол.

Орталық директоры айтқандай, осы мәселенің бәрі қолға алынған жағдайда мектептер 5 жыл ішінде 100% көркем әдебиеттермен қамтылады. Екіншіден, кітапханашылардың әлеуеті көтеріліп, жалақылары артады.