Мектеп жабық, ал түнгі клуб ашық: Алматыда түнгі клубтар карантин шараларын сақтаудан бас тартып жатыр

0
1 185

Соңғы екі тәулікте 65 нысанның карантин режимін бұзғаны анықталды.


Мектеп жабық, ал түнгі клуб ашық: Алматыда түнгі клубтар карантин шараларын сақтаудан бас тартып жатыр

ERNUR.KZ. Алматыда карантин шараларын сақтау бойынша күшейтілген мониторингке қарамастан, мейрамханалар мен кафелер және түнгі клубтар тәртіп бұзуды доғармай отыр. Өткен екі күнде 300-ден астам нысан тексеріліп, олардың арасында 65 нысанның карантин режимін бұзғаны анықталды, деп жазады Azattyq Rýhy.

Алматы әкімдігі қала тұрғындарын жаппай жиналатын орындарға бармауға шақырып, екі күндік демалыс күндері жабық нысанда орналасқан ойын-сауық кешендерін, сауда үйлерін, ірі дүкендердің жұмысына тыйым салып келеді. Бірақ қоғамдық тамақтану орындары мен түнгі уақытта көңіл көтеруге арналған мекемелердің жұмысын жалғастыруына рұқсат етілген.
Әнші әрі блогер Александр Цой Facebook-тегі жеке парақшасында қалада түнгі клубардың алдындағы кезек туралы жазба қалдырды. Ол сенбі түнгі мезгілді көңіл көтеру кешендерінің бірінің алдында жүздеген адамның кезекте тұрғанын байқаған.

«Түнгі клубтың кіреберісі, алдында кем дегенде 100 адам тұр, ішінде қанша адамның жүргені бір Құдайға аян. Маска жоқ, әлеуметтік дистанция сақталмайды. Ал елде 8 айдан бері мектеп пен кинотеатрлар жабық тұр. Айтарға сөзім жоқ»,- деді А. Цой.



Алматыда қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен карантиндік шаралардың сақталуын бақылау мақсатында күшейтілген режимде 26 мониторингтік топ жұмыс істейді. Олардың құрамына аудандық әкімдіктердің, жергілікті полиция қызметінің инспекторлары, «Атамекен» ҰКП өкілдері және аудандық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармаларының мамандары кіреді.

«Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметінше, 10-11 қазан аралығында 314 нысан тексеру шараларымен қамтылып, 65 заңбұзушылық анықталды. ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен барлығы 24 әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылды», - делінген әкімдік таратқан хабарламада.

Нәтижесінде, Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 15 тамыздағы №56 қаулысына сәйкес, қызметіне уақытша тыйым салынған объектілер, сондай-ақ жұмыс режимінің бұзылу жағдайлары анықталды. Олар негізінен түнгі клубтар мен мейрамханалар және букмекерлік кеңселер:

  • Медеу ауданында – «Bla Bla Bar» түнгі клубы Сәтпаев к-сі, 1 А, «Sultan» мейрамханасы Қалдаяқов к-сі, 58, бар паб «Black Hall Bar» Құрманғазы к-сі, 25, бар паб «Nebo bar gallery&terrace» Достық даңғылы, 192/2;
  • Әуезов ауданында- Ақсай-3 шағынауданындағы 14 А үй мекенжайындағы букмекерлік кеңселер желісі., «Астана Плаза» шағынауданы мейрамханасының жанындағы караоке бары. Астана, 35, бильярд клубы Жандосов көшесі, 59 В, букмекерлік клуб; Жетісу шағынауданы, 3 үй 1б, караоке клубы «Алмалы» ш. а. Ақсай, 1 А үй 11/2, «Алтын ғасыр» лаунж бары ш. а. Ақсай, 1А үй 15/1;
  • Түрксіб ауданында – «Золотой кувшин» дәмханасы, Ақан Сері көшесі, 81;
  • Бостандық ауданында-«Chechilpub на Жарокова» Алмагүл к-сі, 18 а,йjungle» ресто-бары Марков к-сі, 61/2,»RiverHall» мейрамхана кешені. Көктем2, 11/3 үй;
  • Алмалы ауданында-Назарбаев даңғылы, 113 «Музкультура» бары, Абылай хан даңғылы, 92 «Lolita» бары, «Шашлыкoff» бары, Төле би көшесі, 89, «Academia» мейрамханасы Қабанбай батыр көшесі, 83, Bar&Grill «Fahrenhei T» Абылай хан даңғылы, 96;
  • Жетісу ауданында-Северное кольцо к-сі, 33 бойынша фастфуд, «Ялян» базарындағы 16, 20 бутиктері, «Азия» асханасы, «Ялян» базары, Донерная және «Байсат» СҮ фастфуд, Айнабұлақ 2, 84/4 үй мекенжайындағы «Дегирмен» дәмханасы.

Сонымен қатар, 2020 жылдың 9-10 қазанына қараған түні Медеу ауданында ВНВ түнгі клубы мен «Небо» дәмханасының (бұрынғы «the Artist») жұмыс істегені анықталды,онда шамамен 200-ге жуық келуші болған. Тексеру нәтижелері бойынша мекеменің жұмысы тоқтатылды, барлық келушілер шығарылды.

«Барлық нысандарда халықтың амандығы үшін санитарлық-эпидемиялық заңнаманы сақтау және жабық үй-жайларда маскаларды міндетті түрде кию бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Осы бағыттағы жұмыстар жалғаса бермек»,- деліген ақпаратта.



Естеріңізге сала кетейік, Алматыда коронавирустық инфекция жағдайларын тіркеу жалғасуда. Бүгінгі күні COVID-19 бойынша барлығы 14 454 жағдайы тіркелді.