Мектепте эвакуация жолын жабуға қатаң тыйым салынды – ТЖМ

0
297

Сондай-ақ, ТЖМ өкілі ғимараттағы қауіпсіздік ережесі сақталмаған жағдайда жауапкершіліктің барын еске салды.


Мектепте эвакуация жолын жабуға қатаң тыйым салынды – ТЖМ

ERNUR.KZ. Еліміздің орта білім беру орындарында эвакуация жолын (сыртқа шығу есігі) жабуға қатаң тыйым салынды. Бұл туралы ҚР ТЖМ өртке қарсы қызмет комитеті басқармасының басшысы Ерлан Төрегелдиев мәлім етті, деп жазады inform.kz.


«Өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес барлық эвакуациялау жолдары еркін және ғимараттан шығу бағыты бойынша ашық тұруы тиіс. Әсіресе білім беру мекемесі көлеміне қарамастан қауіптің жоғары дәрежелі түріне жатады, сондықтан да оларға жыл сайын бірнеше рет тексеру өткіземіз. Биыл да оқу жылы басталғанға дейін еліміздегі барлық білім беру нысандары тексерілді. Қауіпсіздік ережесі сақталмаған білім мекемелеріне ескерту жасалып, нұсқама берілді», - деді Е. Төрегелдиев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, ТЖМ өкілі ғимараттағы қауіпсіздік ережесі сақталмаған жағдайда жауапкершіліктің барын еске салды.

«Тағы қайталаймыз ешқандай жағдайда эвакуациялауға арналған есіктерді жабуға болмайды. Өйткені мектепте бала көп, сондықтан эвакуация жолы толықтай жұмыс істеп тұруы тиіс. Есікті жабуға немесе уақытша бұғаттауға қатаң тыйым салынады», - дейді ол.