Мектептегі шабуыл әлеуметтік желілердегі ойынмен байланысты екені рас па

0
600

Бүгін таңертең 9-сынып оқушысы сабаққа балта алып келіп, үш баланы жарақаттаған болатын.


Мектептегі шабуыл әлеуметтік желілердегі ойынмен байланысты екені рас па

ERNUR.KZ. Петропавлда мектептегі шабуыл әлеуметтік желілердегі ойынмен байланысты деген ақпарат тарап жатыр, деп жазады sputnik.kz.

№4 мектептегі төтенше жағдайдан кейін ата-аналар чатында оқушы "Лесоруб" ойынын ойнағаны туралы хабарламалар жаппай тарай бастады. Ойын шарты бойынша бірнеше адамды жаралау қажет екен. Сондай-ақ ойын басталғаны туралы скрин қоса жіберілуде.
снимок с экрана телефона, распространяемый в родительских чатах. - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.02.2023
Ата-аналар чатында тараған скрин
Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі телефон экранынан жасалған скринді тексергенін мәлімдеді. Анықталғандай, қауіпті ойынның Петропавл мектебінде болған оқиғаға еш қатысы жоқ.
Бүгін таңертең 9-сынып оқушысы сабаққа балта алып келіп, үш баланы жарақаттаған болатын.