Мектептегі жаңажылдық сыйлықтар: Антикор ескерту жасады

0
473

Алайда балалардың жаңажылдық сыйлықтарына тыйым жоқ екені хабарланды.


Мектептегі жаңажылдық сыйлықтар: Антикор ескерту жасады

ERNUR.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мектептер мен балабақшалар қабырғасында жаңажылдық сыйлықтарды беру тәртібін түсіндірді, деп жазады ulysmedia.kz.

Ведомство білім беру мекемелерінде жиналыстар өткізілгенін, онда барлық алымдарға тыйым салынғанын жеткізді. Алайда балалардың жаңажылдық сыйлықтарына тыйым жоқ екені хабарланды.

"Сыйлықтар беруге және қабылдауға тыйым мемлекеттік қызметшілерге және оларға теңестірілген адамдарға, оның ішінде мектеп директорларына қолданылады ("Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" ҚР Заңының 12-бабы). Мұғалімдерге келетін болсақ, олар сыбайлас жемқорлық субъектілері болмаса да, заңсыз сыйақы алғаны үшін ҚР ҚК-нің 247-бабына сәйкес жауапкершілік көзделген", - деп хабарлады Антикор.