Мектепті күзетші мен вахтер күзетеді

0
961

​Елімізде 7 228 мектеп бар. Оның 15%-ы ғана дабыл жүйесімен жабдықталған.


Мектепті күзетші мен вахтер күзетеді

ERNUR.KZ. Мәжіліс депутаты Наталья Дементьева білім және ғылым министрлігінің дерегіне сүйеніп, осылай мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

«Мектептерді ескі әдіспен күзетші мен вахтер күзетеді. 466 мектеп қана мамандандырылған күзетке ие. Алайда осы күзет фирмалары тарапынан көрсетілетін қызмет сапасы мемлекеттік сатып алуды қаржыландыруға және рәсімдеуге байланысты мәселе туғызады. Мысалы, Көкшетау қаласында білім беру ұйымдарын жеке күзет қызметкерлері күзетеді. Қауіпсіздік фирмасын таңдауға арналған конкурстық рәсімдер мемлекеттік сатып алу арқылы жүзеге асырылады. Мұнда жеңімпазды анықтаудың негізгі көрсеткіші компания ұсынған сағаттық төлемнің ең аз мөлшері болады", – деді депуттар.

Наталья Дементьева Көкшетаудағы мектепте күзетшілердің жалақысы 50 мың теңге екенін айтты.

«Мұндай жалақы алатын қызметкерлер бір орында тұрақты жұмыс істемейді. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тиісті құрылымдарға, біріншіден, жергілікті атқарушы органдары оқу орындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруды басым тәртіппен қамтамасыз етіп, объектілерді терроризмге қарсы қорғауға сәйкес келтірсін!» – деді депутат үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжановқа жолдаған депутаттық сауалында.