Мемқызметшілердің жұмыс күні «Пара алма» деген ескертуден басталады

0
172

Қалалық әкімдікте қабылданған осындай тәжірибені алдағы уақытта өңірдің барлық мемлекеттік органдарына енгізу жоспарланған.


Мемқызметшілердің жұмыс күні «Пара алма» деген ескертуден басталады

ERNUR.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің бастамасы бойынша Көкшетау қаласы әкімі аппаратында мемлекеттік қызметшілердің жұмыс компьютерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қалқымалы хабарлама пайда болды, деп жазады ҚазАқпарат.

Мемлекеттік аппараттың әрбір қызметкері компьютерінің жұмыс үстелінде орнатылған «Пара алма, пара берме» сыбайлас жемқорлыққа қарсы ескертпелер сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша тағы бір шара болады.

«Біз мемлекеттік қызмет борышын өтеп жүрген әрбір адам өз жұмыс күнін бастамас бұрын, компьютерді қосқан уақытта сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша хабарламаны көргенін және әрдайым парасатты, сатылмайтын және адал қызметші болу керектігін есіне түсіргіміз келеді», - дейді департаменттің алдын алу және парасат басқармасының басшысы Бақытжан Әмірханов.

Қалалық әкімдікте қабылданған осындай тәжірибені алдағы уақытта өңірдің барлық мемлекеттік органдарына енгізу жоспарланып отыр. Айта кету керек, 20-секундтық қалқымалы ескерту әкімдік қызметкерлерінің ғана емес, Көкшетау қаласы әкімінің де компьютеріне орнатылған.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет