Мемлекет басшысы 2018-2019 оқу жылында қосымша 20 мың грант бөлуді тапсырды

0
1 707

​Бүгінгі Парламент палаталарының бірлескен отырысында мемлекет басшысы жоғары білім берудің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мәселесін көтеріп, бірқатар шартты атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.


Мемлекет басшысы 2018-2019 оқу жылында қосымша 20 мың грант бөлуді тапсырды

Бүгінгі Парламент палаталарының бірлескен отырысында мемлекет басшысы жоғары білім берудің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мәселесін көтеріп, бірқатар шартты атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазір жыл сайын бөлінетін 54 мың грантқа қосымша 2018-2019 оқу жылында тағы 20 мың грант бөлу керек. Оның 11 мыңы техникалық мамандықтар бойынша бакалаврлық білім беруге тиесілі болады", - деді Елбасы.

Елбасының айтуынша, бұл төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы жаңа экономикада зор сұранысқа ие болатын сан мың жаңа маманды даярлауға мүмкіндік береді.

"Мұнда ең алдымен инженерлер, ақпараттық технология, робот техникасы, нанотехнология саласының мамандары туралы сөз болып отыр. Бұл да жастарға мемлекет қамқорлығының айқын көрінісі. Сонымен бірге, техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша барлық жоғары оқу орындары гранттарының құнын ұлттық жоғары оқу орындарының гранттары деңгейіне дейін көтеру керек. Аталған шаралар орта мектеп түлектерін жоғары біліммен неғұрлым көбірек қамтуға мүмкіндік береді, бұл – жалпы әлемдік тренд", - деді Назарбаев.